Қалай істейміз

Біз келесі жұмыс тәсілдерін қолданамыз:

  • Fixed Price – тиянақталған бағасы бар моделі. Бұл тәсілді қолданғанда, пайдаланушы соңғы нәтиже үшін тиянақталған баға төлейді. Бұл моделдің негізгі артықшылығы, қызметтердің құнының өзгермеуі болып табылады.
  • Time&Material –төлеудің мерзімдік моделі. Бұл тәсілді қолданғанда, пайдаланушы нақты жұмыс істелген уақыт үшін төлейді. Бұл моделдің негізгі артықшылығы міндеттер мен басымдылықтарды орналастырудағы икемділігі, және бірінші моделмен салыстырғандағы төмен бағасы болып табылады.
  • Body Leasing – аутсорсинг. Бұл тәсілді қолданғанда, пайдаланушы ай сайын мамандардың еңбегін төлеп өзінің басшылығына мамандар тобын алады. Бұл тәсілдің негізгі артықшылығы, жобаның командасы пайдаланушының басшылығында болатындығында.

 

Компания пайдаланушылармен, серіктестермен және компания қызметкерлерімен өзара тиімді қатынастарды бағалайды және әрқашанда қолдайды.

Компания жаңа ақпараттық технологиялырды енгізуге, көрсетілген қызметтердің сапасын көтеруге, Қазақстан нарығында IT-шешімдерінің ең жақсысын әзірлеуге бағытталған.

Компанияның міндеті қызметтер нарығында талап етілген, және күрделі бизнес- үрдісін  жай және оңай жасауға мүмкіндік беретін бірегей бағдарламалық өнімдерді жасауы болып табылады.

Компания әрқашанда өзінің мақсаттарына жетеді және алға ұмтылады, қиыншылықтардан қорықпай, біз ең күрделі жобаларды алуға дайынбыз.

Біздің компаниямыздың дамуының басты факторы қызметкерлер болып табылады, сондықтан біз олардың кәсіби аясындағы дамуына жағдай жасап, компанияның ішінде, және одан тыс жерде оқытуды жоспарлаймыз және өткіземіз.

Пайдаланушылардың болжамын орындау үшін біз жобаның төрт негізгі көрсеткіштерін бақылауда ұстаймыз:

  • сапа
  • мерзім
  • бюджет
  • көлем

 

Пайдаланушылардың болжамын қамсыздандырудың тәсілдеріне жатады:

  • Ашық және айқын түрдегі алдын ала есептеулері;
  • Өзара сенімділік үшін жағдайлар жасау;
  • Пайдаланушылардың қажеттіліктерін және болжамдарын анықтау;
  • Жоба командасының нәтижеде қызығушылығы;
  • Жеке мүмкіндікті және пайдаланушы мүмкіндігін дамыту және жетілдіру;
  • Жоба қатысушылар арасындағы ашықтық және сенімділік;
  • Жобаның әр қатысушының жауапкершілігі;
  • Пайдаланушының болжамына сәйкес жобаны орындау.